Abstract:
Жиындар теориясы – жиындардың (көбінесе шексіз жиындардың) жалпы қасиеттерін зерттейтін логика мен математиканың бір бөлімі. Негізгі ұғымдарға анықтама берілмейді, олар белгілі ұғымдар арқылы түсіндіріледі. Өзара əртүрлі (бөлек) заттарды қандай да бір қасиеті бойынша біріктіріп, бүтін бір зат ретінде қарастыруға болады. Жиын теориясының əдістері қазіргі математика мен математикалық логиканың барлық салаларында кеңінен қолданылады. Бұл мақалада математикалық сауаттылықта жиындар теориясын қолдану қарастырылды. Мақалада келесі сұрақтар қарастырылды: Жиындар теориясының
анықтамалары, Эйлер-Венн диаграммалары; Жиындар теориясын математикалық сауаттылықта, өмірде қолдану; Жиындар теориясы бойынша контексттік есептерді шешу жолдары.