Abstract:
Əр елдің өзгеге ұқсамайтын өзіне ғана тəн əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі,бітім- болмысы
болады. Мақалада ырым мен тыйым сөздер – бір-бірімен сабақтас, өзектес болатындығы, бірақ ырымдарға қарағанда тыйым сөздердің айтылу мəнінде, қолданылу бағытында айырма бар екендігі туралы айтылады. Ырымдар көңілге медеу, тілекке сүйеніш табу үшін қолданылса, тыйымдарда ой қысқа қайырылып, нақты талап, бұйрықты мəнде жеткізілетіндігі көрсетілген.