Abstract:
Қоғам адамдардың жиынтығынан тұрады десек, сол қоғамды алға жетелейтін ұлы
тұлғалардың рөлі туралы айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ сол ұлы тұлғалардың қоғамдағы орны, маңызды істері, болашақ ұрпаққа əсері туралы пікірлердің əр алуан болатыны заңды құбылыс. Қазақ халқы үшін ұлы тұлғалардың бірегейі Абай Құнанбайұлының адамдық қасиеттерді тақырып қылған шығармалары – халқымызға көрсетілген рухани бағыт-бағдар.