Abstract:
Балалардың ойын фольклоры – қазақ ауыз əдебиетінің бір саласы. Ойын фольклоры көбіне өлең, тақпақ арқылы басталады. Өлең – ойынның əрін беріп, сəнін келтіріп, балаларды поэзия өнеріне жетелейді. Мақалада кездесетін «санамақ», «қаламақ», «асау мəстек» ойындарына талдау жасалынып, мағынасы ашылады.