Abstract:
Мақалада мектеп мұғалімдерінің эмоционалды күйіп кетуі жайлы сөз болады. Осыған ұқсас тақырып бойынша басқа да ғалымдардың зерттеулері жинақталып, сараланып, талданып, авторлық қорытындылар жасалынды. Осынау көмескі байқалатын, – əсері орасан құбылыстың шығу себептері жан-жақты қарастырылып, профилактика шаралары туралы кеңестер беріледі. Сол симптом мұғалімде байқалған жағдайда қалай əрекет ету керектігіне баса назар аударылды. Бұл мақаланы мұғалімдердің эмоционалды күйіп кетуден сақтауға арналған диссертациялық жұмыстың қорытындысы ретінде қарастыруға болады.