Abstract:
Соңғы екі онжылдықта математика мұғалімдері өз пəнін тиімді оқыту үшін оны қаншалықты терең білуі керек екенін түсінуге күш салды. Зерттеушілер білімнің бұл түрін оқытуға арналған математикалық білім деп атады. Соңғы зерттеулер оқытуға арналған математикалық білімге наззар аударғанымен, осы тақырып бойынша қазірге əдебиеттер бұл саланың əлі де дамымағанын көрсетеді. Оқытуға арналған математикалық білім туралы тұжырымдамамызды одан əрі нақтылау мақсатында бұл зерттеу Қазақстандағы математикалық білімді қарастырды. Бұл мақалада мен математикалық білімді үш түрде қарап зерттеп, жіктедім. Үш Қазақстандық жас оқытушылармен əңгімелерінің мазмұнын зерттей отырып, мен осы əңгімелерде айтылған математикалық білімді үш категорияға бөлдім: оқушылардың математикалық білімі, математика жəне мектеп математикасы туралы білім. Сондай-ақ математика саласындағы осы жұмыстың əртүрлі салаларын талқыладым.