Abstract:
Мақалада Ыбырай Алтынсарин мен Алашорда қозғалысының көрнекті өкілдерінің ағартушылық бағыттағы ұстанымдары, ұлт мүддесі жолындағы ой-пікір үндестігі сөз болады. Нақтылай айтқанда, қазақ балаларын сауаттандырып, халқымызды алдыңғы қатарлы елдер санатына қосу сынды арман-аңсарларын іске асыру тұрғысындағы əрекеттері, заманауи мектептер ашып, көбейту, сөйтіп ұлттық идеяның ұрығын сеуіп, тəуелсіздікке ұласты қажырлы еңбектері тізбектелді.
Мəселен, қазақтың тұңғыш педагог-жазушының қазақ даласында алғаш мектеп ашып, халық ағарту ісімен айналысуы Алаш зиялыларын ұлы мақсат-міндеттер жолына итермеледі əрі ұлтшыл-елшіл көзқарастарының қалыптасуына игі əсерін де тигізді десек болады. Сондай-ақ жазылымда Ыбырай мұрасын насихаттау, оның ел үшін еткен еңбегін жоғары бағалау бүгінгі күннің үлесіне ғана емес, келешектің де еншісінде болуға тиіс екендігі қозғалып, ұлт ұстазының руханият өрісіндегі рөлін айқындау ісі, т.т. болашақта датталу мəселесі де тілге тиек етілді.