Abstract:
ХІХ ғасыр қазақ тарихындағы қиын кезеңінде найза мен қылыштың күні өткенін сезген
ағартушы Ыбырай Алтынсарин өркениеттің көшіне кемел білім мен кенен ғылым арқылы ғана ілесе отырып, Тəуелсіздікке қол жеткізудің жалғыз амалы ұлт мүддесіне қызмет ететін сауатты, зиялы ұрпақ қалыптастыру керектігін біліп, сол жолда бар саналы ғұмырын сарп етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыруар жұмыс атқарылып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, рухани жəне мəдени құндылықтарымызды сақтау арқылы ұлттық санаға серпіліс алынды. Осы
орайда 2017 жылы қалпына келтірілген Алтынсариннің ақ мазары азаттығын аңсаған Алаш арыстарының ұрпағын рухтандыратын киелі нысан деп білеміз. Кешегі нəубет жылдары атылып кеткен арыстарымыздың сүйегі айдалада қалып, туған жерінен бір уыс топырақ бұйырмағанда, ұлы даласының төсінде мəңгі тыныстаған ұлы ұстаздың қабірін емес, қадірін арттыру үшін атсалысуымыз керек деп ойлаймыз. Кісі өлгенде қалай жерлеу жəне ас беру туралы этнографиялық еңбек жазып, «Мұсылманшылық тұтқасы» атты кітап шығарып, қалыптасқан ата дəстүрге үлес қосқан Ыбырай Алтынсарин ата қорымына мұсылманша жерленгеніне еш күмəн болмауы керек.
Бұл мақалада ағартушы Ыбырай Алтынсариннің жерленген жері, кейінгі қоныс тепкен
қыстауы жайында, Тобылдың арғы бетінде, өз ата бабасының жатқан қорымы, атасы Балғожа би мəңгілік тыныстаған «Ақ тамда» жерленгені жайлы нақты деректер келтіріліп, зерттеу жүргізілген.