Abstract:
Мақалада «Жылымық» жылдарындағы əдебиеттану ғылымы талданады. Қазіргі қазақ
əдебиеттануының да басты мақсаты «жылымық» жылдардағы рухани жаңғыру үрдісін ұлт руханиятындағы маңызы тұрғысынан саралау талабымен ұштасып жатыр. «Жылымық» жылдардағы рухани серпіліс пен сілкініс түрлі буындағы əдебиетші, қаламгерлердің кеңестік əміршілəкімшіл жүйенің қысымына қарсы бағытталған санаткерлік күштерін оятты. Сондықтан оны бүгінгі тəуелсіздіктің рухани арнадағы алғышарттарының басты да негізгі қозғаушы күштерінің бірі деуге толық негіз бар.