Abstract:
Жүргізілген зерттеулер нəтижесінде автор оқыту жүйесі мен стилін өзгерту қажеттілігі
туралы дəлелді қорытынды жасайды, қазіргі жоғары білім беруде осы мəселелерді шешудің инновациялық əдістерін қолдануды ұсынады. Мақалада инновациялық оқытудың бір түрі ретінде интерактивті əдістердің түрлері мен артықшылықтары келтірілген. Сондай-ақ, интерактивті сабақты өткізу алгоритмі, сондай-ақ оның негізгі бөлігін өткізу ерекшеліктері ұсынылған. Интерактивті білім беру формаларын жүргізу ерекшеліктері сипатталған.