Abstract:
Мақалада ауыл мектептерінің қазіргі жағдайы, шағын жинақты мектептердегі педагог
кадрлардың жетіспеушілік мəселесі жəне оны шешудің жолдары ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында ұсынылған сапалы мамандармен қамтамасыз етуде, білім сапасын арттыруға бағытталған «Мобильді мұғалім», интернаттық жүйенің баламасы ретінде ұйымдастырылған «Уақытша отбасы» (Қамқор отбасы) жобасы жəне қала мен ауыл мектептері арасындағы білімді теңестіру мақсатында ұсынылған «Мықты мектептердің қамқорлығы» жобалары қарастырылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі жəне жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Сапалы білім беру» тарауында көрсетілген «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасы негізінде ауылдық мектептерде цифрлы педагогтің жұмысын ұйымдастыруға бағытталған «Цифрлы мұғалім» білім беру жобасы ұсынылады.