Abstract:
Ағылшын тілін тиімді үйренудің көптеген жолдары бар, олардың бірі ұялы телефонның
болуы. Шынында да, көп жағдайда адамның курстарда оқуға, фильмдерді көруге немесе шет тілінде кітап оқуға көңіл бөлуге уақыты жетпейді. Сондықтан ұялы телефон арқылы қосымша бағдарламалар өте көп көмегін тигізеді. Бұл мақалада ағылшын тілін үйренудегі мобильді білім беру қосымшаларының рөлі қарастырылған. Білім беру мобильді қосымшаларының дидактикалық сипаттамаларына жəне олардың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.