Abstract:
Кешегі Кеңестік заманда «Революцияға дейін Қазақстанда қазақ халқының сауаттылық
деңгейі өте төмен болды» делініп келді. Олар діни оқу орындарын есепке алмай, қалың қараңғы халықты оқытып, тəлім- тəрбие беріп, мəдениетті де, əдебиетті де əкелген, дамытқан комунистік партия дегенді халық санасына құйып бақты. Шындығында мектеп-медреселер дін сабағымен қатар заманауй білім де берген. Бір ғана Торғай облысында 1894 жылы 457 шəкірті бар 59 мектеп-медресе болса, 1911 жылы 103- ке, шəкірт саны 1400- ге жеткен.
Мақалада осы облыстың бір шетінде жатқан сол кездегі Торғай еліндегі оқу ағарту ісі мен жазу мəдениетінің жай-күйі айтылады.