Abstract:
Мақалада Ыбырай Алтынсариннің қазақ тарихында ағартушы, педагог, қоғам қайраткері ретіндегі бейнесі қазақ жастарын тəрбиелеуге баса назар аударғандығы жəне бала тəрбиесіндегі оның орны айтылады. Ыбырайдың шын мəнінде өз ісінің нағыз кəсіби шебері болғаны, сонымен қатар өнер мен əдебиетте жəне ғылым саласында үлкен жетістіктерге жетіп, өркенниеттің дамуына өзінің үлесін қосқандығы баяндалады. Ұлт Ұстазы Ыбырай Алтынсариннің Ұлы даладағы ағартушылық мұрасы бүгінгі өскелең ұрпақ үшін таусылмайтын қазына болып табылатындығы дəріптелген.