Abstract:
Мақалада жоғары оқу орны студенттері және әсіресе мектеп оқушыларының ғылыми жұмысын жүргізуде пайдалануға болатын қол жетімді, арнайы приборлардың болуын қажет етпейтін әдістеме ұсынылған. Бұл әдістеме нитрат-иондарының әртүрлі объектілердегі мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыста аталған иондарды су мен кейбір көкөністерде анықтау нәтижелері де келтірілген. Берілген әдістемені дипломдық жұмысының бір бөлігі ретінде студенттер және мектеп оқушыларының ғылыми жұмысын ұйымдастыруда химия пәні мұғалімдері пайдалана алады.