Abstract:
Ұсынылған оқу құралы студенттердің СОӨЖ тапсырмаларын өзіндік орындауға арналған нұсқаулығы болып табылады. Бұл оқу құралының көмегімен студент дәрістерде алған теориялық материалды бекіту үшін зертханалық жұмыстың СОӨЖ-ге берілген тапсырмаларын жасай алады. Практиканы өту кезінде пайдаланатын микрофотосуреттер мен препараттардың нақты талдауын және сипатталуын көрсету – осы оқу құралдың басты мақсаты. Элективтік курстарды жүргізуде студенттер және жас мамандар үшін өте қажет құрал бола алады.