Abstract:
Бұл оқу құралы физикадан олимпиадалық есептерді шығару әдістемесіне арналған. Ол авторлардың оқушылармен физикалық есептерді шығарған көп жылдық тәжiрибесінің нәтижесі болып табылады. Оқу құралында физикалық есептерді шығару әдiстемесiнiң теориялық аспектiлерi және оларды орта мектептің физика курсының әртүрлi бөлiмдерi бойынша есептер шығару үрдісінде практикалық пайдалану мүмкіндігі көрсетілген.