Abstract:
Жоғары оқу орнындағы студенттердің бойында эстетикалық талғам сезімін дамыту үшін олардың тәлім-тәрбиемен ұштасуын қарастыру қажет. Сондықтан да болашақ мұғалімдер үшін эстетикалық тәрбие маңызды болып келеді.Құрастырушылардың «Жоғары оқу орнында студенттердің бойында эстетикалық талғам сезімін дамыту» атты оқу құралы болашақ мұғалімдерге арналады. Оқу құралының құрылымында студент жастардың бойында эстетикалық талғам сезімін дамытатын тәрбиенің бірнеше бағыттары көрсетілген. Эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен байланысы сипатталған.