Abstract:
Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін айта кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізуге мүмкіндік жасалып отыр. Мектепте өзіндік жұмысты, ғылыми жобаларды оқушылардың орындауында бұл оқу құралында омыртқасыздардың көрнекілікті даярлау әдістемесі толық ашылып көрсетілген. Әдістемелік оқулық жас мамандар және студенттергеарналған.