Abstract:
«Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі» пәні оқушылардың психофизикалық дамуының бұзылуларын, өмірлік қажетті білім, шеберлік пен дағдыларды меңгерудегі қиындықтарды түзетуге немесе тегістеуге бағытталған түзету пәндері цикліне кіреді. Оқу-әдістемелік құралы маңызды тақырыптың мазмұнынан құрастырылған. Әр тақырыптың жоспары, оқу ақпараты, өзін-өзі бақылау және тексеру сұрақтары және әдебиет тізімі берілген. Оқу-әдістемелік құралының соңында қорытынды тест бақылау тапсырмалары ұсынылған.
Оқу-әдістемелік құралы «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған.