Abstract:
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі» пәні ӛмірлік қажетті білім, шеберлік пен дағдыларды меңгерудегі қиындықтарды түзетуге және жоюға бағытталған пәндер аясына кіреді. Математика пәні даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Оқу-әдістемелік құралында математиканы оқытудың арнайы әдістемесінің ӛзекті тақырыптарына шолу жасалынған. Оқу-әдістемелік құралында жаңартылған білім беру мазмұны шарттарына сәйкес арнайы мектепте оқытылатын математика пәнінен қысқа мерзімдік сабақ жоспарларының үлгілері, қорытынды тест тапсырмалары және ӛз бетінше оқуға арналған әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Оқу-әдістемелік құрал 5В010500 «Дефектология» мамандығында оқитын студенттерге арналған.