Abstract:
Кітап негізінен шетел және балалар әдебиеті ақындарының тәлімдік, тағылымдық ақыл, нақыл, өсиет-өнеге қысқа да нұсқа тұжырымды ой ұшқындары – афоризмдерінен тұрады.
Жинақтың кіріспесінде анықтама беріліп, кімдер зерттегені, қандай кітапта жарық көргені айтылады.
Үлгі-өнегеге толы бұл оқу құралы жастарды ойлылыққа, шешендікке, тапқырлыққа жетелейтіні сөзсіз.
Бұл еңбекті Шетел әдебиеті мен балалар әдебиеті сабақтарында студенттердің өздік жұмыстары мен оқытушымен бірлесіп атқаратын тапсырма түрлерін орындауда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Оқу құралы филологтарға, жоғары оқу орындары студенттері мен көпшілік оқырмандарға арналған.