Abstract:
Берілген мақала инклюзивті тəжірибе жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды тьюторлық қолдау мəселесіне арнала-ды. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту жəне оқыту үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдауды сəтті іске асыру инклюзивті мектептегі тьюторды қажет етеді. Тьютор – жалпы жəне арнайы білім беру үдерісінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдайды, жеке білім беру бағдарламаларын əзірлеуге қатысады, дəстүрлі оқытушы мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушысының арасындағы көпір болып табылады. Мақалада тьютор ұғымының бірнеше анықтамасы, тьютор қызметінің мақсаты, мазмұны мен ерекшеліктері қарастырылады.