Abstract:
Мақалада проблемалық оқыту технологиясын сабақта тиімді пайдалану жолдары қарастырылған. Бұл технология білім мазмұнын, білімді игеру қарқынын, өз еркімен жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқудың əдістері мен тəсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Проблемалық оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызметі əрбір оқушының əрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру жəне айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі. І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық жəне креативтік дарынды балаларға арналған. Проблемалық оқытуда тағы бір ерекшелік – бағалау парағын қолдану. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін əр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.