Abstract:
Оқушылардың қабілеттілігін дамыту мәселелері, соның ішінде лингвистика бір фактор ретінде, оқытудың табыстылығы практикалық мәні жағынан арта түсуде. Мектеп оқушыларының лингвистикалық дарындылығын дамыту деген өзекті тақырыпқа мақала арналған. Бұл мақалада «Дарындылық» деген сөздің түсінігі мен оның түрлері ашылады. «Оқушылардың лингвистикалық дарындылығы» туралы түсініктің анықтамасы берілген және оның компонент құрылымы сипатталған. Лингвистикалық дарындылық өзіне ғана тән қабілеттерді қамтиды, соның ішінде лингвистикалық жасампаз және коммуникативтік қабілет, тілдік түйсік, тілдік
болжам, шет тілдерге деген қабілеті.