Abstract:
Мақалада сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуде нейробаннердің
маңыздылығы талқыланады. Бұл құрал сенсорлық ынталандыру мен интерактивті
технологияларды қолдану арқылы балалардың сөйлеуін, коммуникативтік және когнитивтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Зерттеу барысында нейробаннердің жеке қажеттіліктерге бейімделуі, оқу процесін дараландыруға және балалардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Сонымен қатар, нейробаннердің сөйлеу қабілетін түзетуге, фонематикалық есту мен артикуляцияны жақсартуға қосатын үлесі кӛрсетілді. Нәтижесінде, нейробаннер балалардың танымдық және шығармашылық әлеуетін арттыруда тиімді құрал болып табылады.