Abstract:
Мақалада мектепке дейінгі білім беру процесіндегі психолог пен тәрбиешілердің өзара әрекеттестігі қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық дамуы мен тәрбиесінде психологтың және тәрбиешінің бірлескен жұмысының маңыздылығы айтылады. Психолог балалардың эмоционалды жағдайын, мінез–құлқын және әлеуметтік дағдыларын бақылап, тәрбиешілерге балалардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес әдістерді қолдануды ұсынады. Бұл ынтымақтастық баланың психологиялық жағдайын қалыпты деңгейде ұстап, оның жан–жақты дамуына ықпал етеді.