Abstract:
Бұл мақала баланың тұлғалық және психоэмоционалдық дамуын қолдауда отбасы, мектеп және қоғам арасындағы әлеуметтік серіктестіктің маңызын қарастырады. Мектеп психологының рөлі ерекше болып табылады, өйткені ол оқу процесінде баланың психологиялық жағдайын бақылап, ата–аналар мен мұғалімдер арасында қарым–қатынасты нығайтуға бағытталған іс–шараларды ұйымдастырады. Мақалада психологтың білім беру және тәрбие саласындағы маңызды міндеттері, оның әлеуметтік ортадағы баланың бейімделуіне әсері және үш тараптың бірлескен жұмысының тиімділігі талқыланады.