Abstract:
Бұл мақалада оқылым әдістерінің оқушылардың оқу және танымдық қабілеттерін дамытудағы рөлі қарастырылған. Модельденген оқылым, бірлескен оқылым, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және өз бетінше оқу әдістері сабақтағы тәжірибелермен талданады. Сабақ барысында оқушылардың сыни ойлауын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және тәрбиелік құндылықтарды қалыптастыру жолдары сипатталады.