Abstract:
Мақалада проблемалық оқыту (PBL, FILA) әдістерін қазақ тілі сабағында ақпаратты талдау дағдыларын дамыту мақсатында қолдану ерекшеліктері қарастырылады. PBL мен FILA әдістері оқушыларды нақты мәселелерді шешуге бағыттап, олардың сыни ойлау, шығармашылық және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл әдістер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, белсенділіктерін жоғарылатуға, әрі өз пікірлерін еркін жеткізе білуге ықпал етеді. Mақалада ұсынылған сабақ құрылымы мен нәтижелері PBL мен FILA әдістерінің ақпаратты талдау дағдыларын дамытудағы маңыздылығын дәлелдейді.