Abstract:
Бұл мақала педагогикалық зерттеулердің маңызын және тарих сабақтарында дебат технологиясын қолданудың практикалық нәтижелерін талдайды. Тарих сабағында дебат әдісін енгізу оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, олардың пікір алмасу және талқылау дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу дебаттың тарих сабақтарында білім беру процесіне енгізілуінің маңыздылығын, оның әдістемелік ерекшеліктерін және тәжірибеде қолданылуын қарастырады. Зерттеу нәтижелері тарих пәнінің оқыту сапасын арттырып, оқушылардың оқу мотивациясын жоғарылатады.