Abstract:
Бұл жұмыста математиканы оқытудағы сараланған тәсіл тиімді әдіс ретінде қарастырылады, ол оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеруге бағытталған. Саралап оқытудың негізгі принциптері, яғни оқу материалын бейімдеу, оқытудың түрлі формалары мен әдістерін қолдану, сондай-ақ топтық жұмысты ұйымдастыру сипатталады. Оқушылардың бойында оқу мотивациясын
қалыптастыру мен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамытудың маңыздылығына ерекше мән бөлінеді. Оқытудың сараланған тәсілідерінің практикадағы ұтымды жақтары келтіріліп, оқу процесінде жеткен нәтижелер талданады. Оқытудың сараланған тәсілі тек білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау мен креативтілік дағдыларын қалыптастыруға да ықпал ететіні ерекше атап көрсетіледі.