dc.description.abstract |
Зерттеу жұмысында1920-1930 жылдар аралығындағы Қостанай өңіріндегі
халықтық наразылықтар мен көтерілістер тарихына талдау жасалып Кеңес
өкіметінің әлеуметік-саяси және экономикалық саясатының салдарынан туындаған
проблемаларды және оларды күштеу әдіс-тәсілдері арқылы шешу әрекеттері мен
оның салдары фактілік материалдар негізінде айқындалады.
Монографияда жаппай саяси қуғын-сүргіннің алғашқы құрбандары Кеңес
өкіметінің күштеп орнауына, «әскери коммунизм» саясатына, революциялық
«заңдылық» пен диктатураны орнатуға, азық-түліксалғырты саясатына және
большевик-сталиндік биліктің басқа да акцияларына қарсы халықтық көтерілістер
мен наразылықтардың қатысушыларының тағдырлар қасіреті қарастырылады.
Бұл зерттеу туған өлкенің тарихына қызығушылық танытқан көпшілік
қауымға, докторанттарға, магистранттарға, студенттер мен оқушыларға арналған.
Қаржыландыру және басып шығару Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық
даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Jastar
Evolution» қоғамдық қорымен жүзеге асырылды. |
en_US |