Abstract:
Мақалада халық ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздерді отандық ғалымдар көзқарастарына сүйеніп, қазақ ономастикасы аясында сөз етеді.
Шешендік сөздерді о баста айтушы жеке адамдар болса, ал оны сақтаушы, келер ұрпаққа жеткізуші халық екенін және халық санасында мәңгі сақталған образдар: Сырым шешен, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би т.б. би-шешендер айтты деген сөздерге тоқталып, ономастикалық кеңістіктегі атаулардың қыр-сырын танып-білуге де болатынын алға тартады.
Автор ономастикалық атаулар шешендік арнау, толғауларға қарағанда, шешендік дауда жиі кездесетінін назарға алып, ең алдымен, шешендік дау аясында, сондай-ақ шешендік сөздің кейбір түрлеріне де тоқталады.
Халық ауыз әдебиетінің күрделі де көркем дүниесі шешендік сөздерінде кездесетін ономастикалық атауларды жинақтап, қазақ ономастикасы аясында кешенді түрде зерттеудің маңызы зор екенін және шешендік сөзді ономастикалық термин идеонимнің бір түрі деп, оны риторионим термині ретінде қарастыруды ұсынады.