Abstract:
Бұл мақалада Тахауи Ахтановтың “Қаһарлы күндер” романындағы “Соғыс” концептілік жүйесі талданды. Концепт ұғымы мен концептілік жүйе құрылымы, бірліктері туралы теориялық мәліметтерді пайдалана отырып, жазушының роман тіліндегі концептуалдық талдау жасалды. Концептілік талдау барысында автордың “Соғыс”туралы өзіндік көзқарасы: фрейм, ойсурет, сценарий, стреотип бірліктері арқылы жүйеленді.