Abstract:
Мақал-мәтелдер – ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ танымы мен тұрмысын, арман мүддесін анық көрсетеді. Мақал-мәтелді орынды қолдану арқылы аузы дуалы би-шешендер ұрыс-жанжалды әділетті шешіп, халық баласына тәлім-тәрбие берген. Мақала Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшелігін зерттеуге арналған.