Abstract:
Мақала «Махаббат» концептісінің адам руханиятының маңызды көрінісі ретінде қарастыруға арналған. «Махаббат» концептісі этникалық қоғамның эмоционалды мінез-құлқын көрсете отырып, қазақ санасындағы көптеген бейнелерге белсенді түрде жүгінеді және лексикада, фразеологиялық бірліктерде, паремияларда, поэтикалық мәтіндерде вербализация алады. Таңдалған материалдың ерекшелігі сипаттамалық, салыстырмалы және сандық әдісті, сондай-ақ ассоциативті эксперимент әдісін, когнитивті әдісті қолдануды қажет етті.