Abstract:
Бұл мақала білім сапасын арттыру мақсатында физика сабағында оқушылардың жұптық жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесін зерттеуге арналған. Бұл мәселенің әртүрлі аспектілерін талдау зерттеу мәселесін тұжырымдауға мүмкіндік берді: оқушылардың гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, жұптық жұмысын ұйымдастыру білім сапасына әсер ете ме? Бұл мәселені шешу үшін негізгі мектеп оқушылары арасында олардың әрқайсысының оқу үлгеріміне гендерлік білімнің әсерін байқау үшін эксперимент жүргізу міндеті қойылды.