Abstract:
Бұл мақалада 5-9 сынып оқушыларының зерттеу қызметі шығармашылық – ізденушілік қабілетін қалыптастыру, оқушылардың білім сапасын жақсартудың инновациялық әдісі ретінде қарастырылады. Математика сабақтарында зерттеу қызметінің элементтерін ұйымдастырудың әртүрлі әдістері сипатталған. Сабақта зерттеу қызметін ұйымдастыру кезеңдері, түрлері келтірілген. Мысал ретінде 5-6 сыныпта математика сабағының, 8-9 сыныпта геометрия пәндерінің кейбір тақырыптарында зерттеу дағдыларын қолдана отырып сабақты ұйымдастыру бағыттары жазылған.