dc.description.abstract |
Мақалада əр түрлі топырақ қоспаларының қызғалдақтың Голден Парад(Golden Parad), Барселона(Barcelona), Роман Империя(Roman Empire), Династия (Tulip Dynasty), Барэ Альта(Tulip Barre Alta) түрлерінің биометриялық жəне фенологиялық көрсеткіштері бойынша зерттеулер келтірілген. Қызғалдақтардың биометриялық көрсеткіштеріне əр түрлі субстраттардың əсерін зерттеу мақсатында субстраттардың келесідей түрлері алынды: Торф/топырақ; топырақ/бор/кемира;үгінді/бор/кемира, торф/топырақ/бор/кемира; тыңайтқыштар (MgSO4, Ca(NO3)2). Биометриялық көрсеткіштер ретінде гүлсидамның биіктігі, қауыздың (бутондарының) биіктігі, жапырақ бетінің ауданы, қалыптасқан пиязшықтардың саны мен мөлшері өлшенді. Жүргізілген зерттеу жұмыстар нəтижесінде, тыңайт-
қыштар мен бор қосылған шымтезек субстратында өсірілген өсімдіктер ең
жоғары көрсеткіштерге ие болды. Оларға жақын көрсеткіштер шым тезекте тыңайтқышсыз өсірілген жəне үгінділер, бор, кемира жəне кальций нитратының қоспасында өсірілген өсімдіктерге ие болды. Қызғалдақтардың фенологиялық көрсеткіштеріне əр түрлі субстраттардың əсерін зерттеу мақсатында субстраттардың жоғарыда келтірілген түрлері алынды: Əр түрлі субстраттардағы фенологиялық бақылаулар келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілді:тамырлану жылдамдығы, көрінетін бүршіктің пайда болуы, бүршіктің 1/3 түсі. Қызғалдақтарды шымтезек субстратында жəне тыңайтқыштармен үгінділерде егу ұсынылады, бұл тамырлау кезінде пияз-шықтардың жақсы сақталуын қамтамасыз етуге жəне қатаң белгіленген мерзімде өнімді алуға мүмкіндік береді. Қызғалдақтың пиязшықтарын жылыжайда өсірудің тиімді технологиясы зерттелді. Жүргізілген зерттеулер арқылы қызғалдақтарды егу үшін оңтайлы топырақ қоспасы анықтал-
ды. Торф, топырақ, бор, кемира, тыңайтқыштар (MgSO4, Ca(NO3)2) қоспаларынан тұратын нұсқаларда егілген қызғалдақтардың биометриялық көрсеткіштері жоғары болды. |
en_US |