dc.description.abstract |
Мақала ХХ ғасырдағы экономика ғылымының дамуына үлкен ықпал жасаған ұлы ағылшын экономисті Джон Мейнард Кейнстің еңбегіне арналған. Кейнс теориясы сол кезде ең өзекті де нақты болып саналатын, ал дəлірек айтқанда 1929-1933 жылдардағы əлемдік дағдарыстың себептері мен одан шығу жолдарына арналған. Берілген мақалада кейнстік теорияның негізгі тұстары, яғни сол уақытта пайда болған тығырықтан шығу мүмкіндіктері: экономиканы бүкіл ел аумағында зерттеп қана қоймай, ондағы жұмыссыздықты барынша азайтып, мемлекет жүргізіп отырған экономикалық саясат аясында пайыз нормасы мен пайыздық мөлшерлемені төмендетіп, халықтың табыспен аз қамтылған бөлігінің табысын арттыру арқылы тиімді сұраныс пен жұмысбастылықты қалыптастыра отырып
елдегі өндірістің өсуі мен экономикалық тұрақылыты қамтамасыз ету үшін
экономиканы мемлекет тарапынан белсенді реттеу қажеттігі қысқаша
сарапталған. Мақалада сондай-ақ, бұл теорияны бүгінгі күні Қазақстан
экономикасына қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. |
en_US |