Abstract:
Бұл мақалада Бенджамин Блумның таксономиясын қолдану арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері қарастырылады. Б.Блумның танымдық іс–әрекетін жіктеу деңгейлері негізінде мәтіндермен жұмыс істеу кезінде оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіруге бағытталған сұрақтар жүйесі ұсынылады. Мақсаты: мәтінде берілген ақпаратты іріктеуге, түсінуге, өзінше пайымдауға және өмірлік жағдайларда пайдалануға мүмкіндік бере отырып, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруға оңтайлы жағдайлар жасау.