Abstract:
Полиэтникалық Қазақстан үшін тиімді ұлтаралық саясат əлеуметтік-саяси, экономикалық тұтастық пен қоғамдық келісімді қолдаудың маңызды құралы екендігі аян. Белгілі бір елде қоныстанған диаспора дами келе сол қоғамдағы саяси-экономикалық процесстердің субъектісіне айналып, ұлтаралық жəне халықаралық қатынастар жүйесінде халықтарды байланыстыру функциясын атқарады. Еліміздің аумағында тату тұрып жатқан 140 этностың қатарындағы неміс диаспорасының да аталмыштай қызметке қосар үлесі зор.