Abstract:
Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, «Алты Алаш» – деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті.) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын «Алаш» ұраны «алаш – алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық» деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ə.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уəлихановтың, А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-əңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылыми мақалаларын атаған жөн.