Abstract:
Қ. Жұмаділов романдарында Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы есімі жиі қайталанады. Мақалада оның себебі, 1916 жылдары Қытай еліне ауып кеткен Қытай қазақтарының оралуына елеулі үлес қосқан жазушы Қ. Жұмаділовтің азаматтық ерлік ісі, Ұлы Ахаңның есімін біз атауға зар болып жүрген Кеңес өкіметі тұсында Қытайда, Шығыс Түркістанда тұратын қандастарымыз оның оқулықтарымен сауаттарын ашқаны айтылады.