Abstract:
Ірімшік – сүттен жасалынатын ең пайдалы жəне тез сіңімді тұтынушылық өнімдердің бірі. Ірімшіктердің танымалдылығы олардың биологиялық жəне тағамдық құндылығымен түсіндіріледі, бұл маңызды амин қышқылдарының, кальцийдің көп мөлшері мен микроэлементтердің кең ассортиментімен, сүт майының жеңіл сіңімді формасымен жəне жағымды иісімен байланысты.
Жоғарғы биологиялық құндылық қайталанбас ерекше органолептикалық қасиеті зең саңырауқұлағы қосылған ірімшікті тұтынушы үшін аса бағалы етіп көрсетеді. Осы ерекше қасиеттері үшін нарықта сұранысы еш азаяр емес. Əрине, сұранысы қарапайым жартылай қатты ірімшікпен салыстырылмас, дегенмен, нарықтың 7%-ын зең саңырауқұлақ өнімдері алады десек артық емес.