Abstract:
Еліміздің постиндустриалды ақпараттық қоғамға көшуіне байланысты жаңа
әлеуметтік талаптар өзегі баланың танымдық және тұлғалық дамуы болып табылатын дамыта оқыту идеяларына қызығушылықтың жандануына алып келді. Білім берудің мақсаты – оқушылардың жалпы мәдени, тұлғалық және танымдық дамуы. Отандық мектептің қалыптасу тарихында алғаш рет «мектеп
оқушыларына оқуға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілікті қамтамасыз ететін жалпыға бірдей оқу іс-әрекетін қалыптастыру» мемлекеттік деңгейде білім беру жүйесі мектептің ең маңызды міндеті ретінде қарастырылуы мүмкін.