Abstract:
Мақалада орта мектептердегі информатика пәні және оны модельдеу негіздерін оқытудың педагогикалық дизайнын зерттеу мәселелері мен оның қазіргі таңдағы цифрлық экономиканың қалыптасу кезеңіндегі өзекті мәселелері мен даму деңгейі қарастырылады.Мектеп бағдарламасында модельдеу тақырыбына байланысты сағат саны көрсетілген. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша информациялық модельдеудің педагогикалық дизайны оқушыларды пәндік әдістемелік
қалыптастыру құралы ретінде маңызды роль атқарады. Сондықтан мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге және пәнаралық байланыстарды талдауға қосымша талаптар қойылады. Мақалада модельдеу және педагогикалық дизайн ұғымдарына терең түсінік беру арқылы кең талдау жасалған. АҚШ, Еуропа, Ресей, Қазақстан елдеріндегі орта мектептерде информатика пәнінің ерекшеліктері мен
айырмашылықтары және даму деңгейіне егжей-тегжейлі талдау жасалып, қысқаша, нақты мағлұмат берілген.