Abstract:
Мақалада қазіргі білім беруді ізгілендіруге байланысты мектептегі білім
берудің әр кезеңінде математикалық сабақтарға тарихи аспектілерді енгізудің маңыздылығы және осы пәннің практикалық сипатын ашу қажеттілігі қарастырылған. Математика тарихын оқып-үйренуде мектеп оқушыларының мәдениетке, ғылымға деген қызығушылығына, ойлау деңгейіне тигізетін игі
әсері туралы баяндалады. Сонымен қатар мектептегі математика тарихын оқытудағы бақылаулардан алынған тарихи ақпаратты хабарлаудың бірнеше әдістемелік әдістері айтылып, сабақ үдерісінде қолдануға болатын тарихи есептерден мысалдар келтірілген. Математика өзінің тарихи негіздеріне
жүгінген кезде пәнаралық сипатқа ие болады деген қорытынды жасалады.