Abstract:
Теңеу – көркем мəтінде көрнекті орын алатын əсерлі сөз жəне затты, нəрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым жəне көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған категория. Теңеу сөз образдарының ішінде ең жиі қолданылатын шоғыры болып саналады. Мақала Мұхтар Əуезовің «Қилы заман» повесіндегі теңеу сөздердің қолданылу ерекшелігін зерттеуге арналған.